Иә кешелі-бері бірқатар өңірде қарлы боран қолайсыздық тудырып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының 9 ауданында да 100-ден астам елді-мекен жарықсыз қалды. Қатты боранда электр сымдары үзіліп, бағандар құлаған. 92 апаттық бригада жұмыс істеп жатыр. Ақауды тезірек жойып, тұрғындарды жарықпен қамтамасыз ету мақсатында көршілес Ақмола облысынан мамандар шақыртылды. Өңірдегі электр желілерінің 95 пайызы тозған.
Ал Көкшетау қаласында ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті. Мұнда бірер күн бұрын жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласты. Салдарынан көлік қозғалысы қиындаған.
Тап сондай жағдай Семейде де болып жатыр. Қар аралас жаңбыр жауып, жолдар көктайғаққа айналды. 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Алматы-Өскемен, Шығыс Қазақстан мен Жетісу облысы бағытындағы жолдарда жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелді.
Дәуренбек Әбдібек