Үндістанның солтүстігіндегі бірнеше қаланы қою түтін басты. Бұған ауа температурасы төмендеп, жел соқпауы себеп. Жергілікті телекомпаниялар хабарлағандай, ауаның қатты ластануынан Шринагар, Амритсар және мемлекет астанасы Нью-Дели зардап шегіп отыр. Олардың кейбірінде жақын жердегі адам мен көлікті көру қиындаған. Үндістанның Метеорология департаментінің хабарлауынша, елдің солтүстік-батысы мен орталығында түтін әлі үш-төрт күн бойы сейілмеуі мүмкін.
Арыстан Рысбек