Түркістан облысында шекарадағы жерлер заңсыз үлестірілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында шекарадағы жерлер заңсыз үлестірілген

26.12.2023

Түркістан облысының Келес ауданында Өзбекстанмен шекаралас жерлер бейберекет үлестірілген. Мұндай заңбұзушылықты аудандық прокуратура қызметкерлері анықтады. Екі елдің арасындағы 200 метрге дейінгі жер бос тұруы тиіс. Алайда шекара шегенделген кезде 200-дей жер телімі жергілікті тұрғындарға заңдастырылып берілген. Онда тұрғын үйлер мен қора-жайлар салынып кеткен. Облыстық жер инспекциясы мамандары бұл жер телімдерін 15 млн теңгеге бағалап отыр. Прокуратура қызметкерлері жер учаскелерін мемелекетке сот арқылы қайтару бойынша талап арыз түсірген. Тұрғындар өз еркімен қайтарса, тиісті көлемде жер берілуі мүмкін немесе мемлекеттік сатып алу жүргізіледі, - дейді қадағалау органы өкілдері. Ал заңсыздыққа жол бергендер әкімшілік немесе тәртіптік жазаға тартылады.

Нұрлан Ешенқұлов, Келес ауданының прокуроры:

Лауазым иелері бар, жер бөлімі бар, комиссияның төрағалары бар. Жер инспекциясы өзінің әкімшілік жазасын қолдансын. Ал қалғанын тәртіптік жауапкершілікке тартатын боламыз.

Айнұр Әбілқасым


Хабарламаларға жазылу