Ақтөбеде көктайғақтан 161 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде көктайғақтан 161 адам жарақат алды

25.12.2023

Ақтөбеде ауа райы құбылып тұр. Өткен тәулікте облыс аумағында жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласты. Бүгін мектептер бірінші ауысымда қашықтан оқуға мәжбүр болды.
Қазір өңірде қар жауып тұр. Дегенмен, көктайғақта құлап, дәрігер көмегіне жүгініп жатқан тұрғындардың саны азаяр емес. Жедел жәрдем қызметі екі күн ішінде 160-тан аса адамға көмек көрсеткен. 20-сы ауруханаға жатқызылды. Тағы 140 тұрғын үйде ем қабылдап жатыр.

Бағлан Рахметов, дәрігер-травматолог:

Қол, бас, аяқ, тобық,иықтары.Травмалары сондай. Адам толып жатыр. Қалада тағы бір травпункт ашу керек қой. Стандарт бойынша 150 мың адамға 1 травпункт болуы керек. Бізде бір миллионға жетіп қалған населениеге бір ғана травпункт.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу