Үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын қолдауға басымдық береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын қолдауға басымдық береді

22.12.2023

Үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын қолдауға басымдық береді. Агроөнеркәсіп мәселелері қаралған жиында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Қатысушылар ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, импортты алмастыратын жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, жеңілдікпен несие беру, субсидиялау, сияқты бірқатар мәселені талқылады. Үкімет басшысы осындай жобаларға бөлінетін мемлекет қаражатының тиімді игерілуіне бақылауды күшейтуді талап етті.


Хабарламаларға жазылу