Елордада Баянғали Әлімжановтың «Алаш пен Манас» шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Баянғали Әлімжановтың «Алаш пен Манас» шығармашылық кеші өтті

22.12.2023

Астанада Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы Баянғали Әлімжановтың кеші өтті. Ол Манас жырын 40 жылдан бері жатқа жырлайды.

«Алаш пен Манас» атты шығармашылық кешке Сенат Төрағасы келді. Мәулен Әшімбаев аталған әдеби кеш ерекше мәдени-рухани сипатқа ие екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, іс-шара ғасырларға жалғасқан қазақ-қырғыз бауырластығының жарқын көрінісі екенін жеткізді. Айта кетейік, толықтай манас жырына арналған кеш тұңғыш рет ұйымдастырылды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан еліміз үшін тек одақтас ғана емес, бауырлас ел екенін үнемі айтып келеді. Екі халықтың мәдени, рухани байланысында Манас жыры да ерекше рөл атқарады. Баянғали Әлімжанов әйгілі жырдың таралуына, танылуына және сақталуына үлкен үлес қосып келе жатқан қайраткер.

Баянғали Әлімжанов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы:

Түбі бір түрік елі. Манас көне жырдың бірі. Бүкіл адамзаттың қазынасы. Адамзаттың байлығы саналатын жыр. Сондықтан Қазақстанда Манасқа қызығушылық өте күшті. 


Хабарламаларға жазылу