Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен IMAX кино залы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен IMAX кино залы ашылды

22.12.2023

Алматыдағы Aport East сауда орталығында ІМАХ лазерлік кино залы ашылды. Салтанатты шараға Kinopark-Kinoplexx Theatres, Halyk Bank Kazakhstan және Aport East басшылығымен қатар, мәдениет және бизнес өкілдері қатысты. Шара аясында кештің қонақтары үшін IMAX форматындағы фильм көрсетілді.

Бір мезгілде 480 адамға дейін қабылдай алатын бұл зал ең озық технологиялармен жабдықталған. Жалпы ауданы 7 мың шаршы метрге жуық. Лазерлік жүйе, 12 арналы дыбыс көрерменге ерекше әсер қалдыратынына сенімідіміз,- дейді кинотеатрлар желісінің өкілі.

Ерлан Бұхарбаев, «Kinopark-kinoplexx тheatres» компаниясының өкілі:

Бұл ең үлкен кино залдағы экранның ені 25, ал биіктігі 14 метрден асады. Орталық Азиядағы, соның ішінде ТМД-дағы бірде-бір кинотеатрда мұндай зал жоқ. Ең үлкен экранның ауданы 377 шаршы метр. Осындай 16 зал бар.

Кинотеатр аумағында көрерменге барлық жағдай жасалған. Мейрамхана, жеңіл дайындалатын тағамдар мен түрлі ас мәзірі бар тамақтану орындары қарастырылған. Ыңғайлы болу үшін онлайн тапсырыс беруге де мүмкіндік бар. Мұны тек көзбен көру керек дейді өнер саласында жүргендер.

Тәуекел Мүсілім, актер:

Арманымыз қазақстандық кинолар осы ІМАХ кино залында көрсетілетін болса біз үшін бұл үлкен жетістік. Сол себепті келіңіздер! Барша көрермендерді, киносүйер қауымды біз шақырамыз. Aport East сауда орталығында осы Kinopark 16 кинотеатрына келіңіздер! Жаңа ІМАХ залына кіріп, киноаны тамашалаңыздар! 

Kinopark-Kinoplexx Theaters – Орталық Азиядағы ең ірі кинотеатрлар желісі. 2005 жылы құрылған компанияның бүгінде Қазақстанның 12 қаласында 25, сондай-ақ Украина астанасында 11 экранды кинотеатры бар.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу