Қазақстан-Катар арасында 10 айда тауар айналымының көлемі үш есе өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Катар арасында 10 айда тауар айналымының көлемі үш есе өсті

22.12.2023

Былтыр ел экономикасына тартылған Катар инвестициясының көлемі үш есе өсті. Сондай-ақ 10 айда тауар айналымының көлемі де үш есе көбейген. Бұл туралы бүгін еліміздің Премьер-министрі мен Катар Мемлекетінің елшісінің кездесу барысында айтылды. Олар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Үкімет басшысы Катар Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, қазан айында өткен Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының 6-шы отырысының табысты болғанын айтты. Отырыс аясында екі елдің 150-ден астам кәсіпкерінің қатысуымен бизнес форум ұйымдастырылды.


Хабарламаларға жазылу