Үндістанда толассыз жауын салдарынан, су тасқыны жалғасып жатыр. Елдің оңтүстігіндегі Тамил-Наду штатында 60 мың гектардан астам егістік алқабы су астында қалған. Сонымен қатар, бау-бақшалар да зардап шекті. Соңғы мәліметке қарағанда, тасқыннан және онымен байланысты жол апаттарынан 10 адам қаза тапты.
Метеорологиялық департаментінің болжамынша, алдағы күндері жауын тағы да құйып, жағдай қазіргіден де қиындауы мүмкін.
Арыстан Рысбек