Алаяқтар 154 млрд теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтар 154 млрд теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан

21.12.2023

«Отандық банктерде клиенттердің деректерін киберқылмыскерлерден қорғау деңгейі төмен» Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Геннадий Шиповских айтты. Оның сөзінше, тіркелген алаяқтық қылмыстың саны 15%-ға азайған, ал зардап шеккендердің қаржылай шығыны, керісінше, 58%-ға артқан. Биылғы он айдың өзінде алаяқтар 38 мыңға жуық тұрғынды сан соқтырып, олардан 154 млрд 110млн теңгені ұрлап алған. Сенатор алаяқтармен күресу жолында құзырлы органдар, заманауи тәсілдерді пайдалана отырып, жұмыс нәтижесін жоғары деңгейде көрсетуі тиіс деді.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жүздеген адамның қаржысын небір құйтырқы жолдармен иеленуге басы жеткен адамның өз мүлкін өз атына жазбасы анық. Осы ретте, алаяқтың өз атында мүлкі болмаса, шығын кімнің есебінен өтеледі және оның алгоритмі қалай болмақ? +Еліміздегі қызмет көрсетіп жүрген банктер өзінің тұтынушыларын алаяқтардан қорғау мақсатында жүйені бір қалыпқа келтіріп, кибер қауіпсіздікті жаңа дәрежеге көтеруі қажет.


Хабарламаларға жазылу