Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін атқарылған жұмыстар аз емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін атқарылған жұмыстар аз емес

21.12.2023

Жұмыссыздық деңгейін төмендету мемлекеттік басты міндеттерінің бірі. Бұл туралы Сенат депутаты Айгүл Қапбарова айтты. Биыл әр облыста арнайы өңірлік карта әзірленді. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметі жаңғырды. Енді олар нарықтағы сұранысты да зерттеп, қай өңірге қандай мамандар қажеттігін анықтап отырады. Жалпы осы жылы 900 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Одан бөлек халықтың табысын арттыру бойынша жастарға жеңілдетілген несие беріліп жатыр. 25 млрд теңгеге 5,4 мың жоба мақұлданды.

Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Уақытша жұмыспен емес, тұрақты жұмыспен қамтылуына мән беру керек. Әкімдер цифр қуып емес, статистика бюросы цифрлармен емес, нақты нәтижесін көруіміз керек. Олардың әр ай сайын зейнетақысы түсіп отыр ма, соларды анықтап, халыққа айтып отыруымыз керек.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу