Аргентина президенті 300-ден аса реформа жүргізу туралы жарлыққа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина президенті 300-ден аса реформа жүргізу туралы жарлыққа қол қойды

21.12.2023

Аргентинаның жаңадан сайланған президенті 300-ден аса либералдық реформа жүргізу туралы жарлыққа қол қойды. Мақсат - экономикалық дамуды баяулатып отырған кедергілерді жою. Хавьер Милей атаған шаралар ішінде экспортқа шектеулерді алып тастау, бағаны реттеуден бас тарту, жекешелендіру мәселелері бар. Екі апта бұрын билікке келген Милей инфляцияның өсуін тоқтату үшін шығындарды қысқартуға уәде берген. Өткен аптада елдің ұлттық валютасы өз құнының 50 пайызын жоғалтты. Аргентина тұрғындары қатаң үнемдеу шараларының салдарын сезіне бастағанын айтады. Олар жаңа үкіметтің экономикалық бастамаларына қарсы шеруге шығып, Буэнос-Айрестің орталық көшесін жапқан. Үкімет ғимаратына бет алған демонстранттардың жолын полиция бөгеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу