Биыл мараторий аяқталғанымен, жаңа жылдан бастап бизнесті жаппай тексерулер басталМайды. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі журналистермен өткен еркін форматтағы кездесуде айтты. Тіпті тексерулер керісінше, азаяды, - дейді Әлібек Қуантыров. Өйткені кәсіпкерлерге қойылған негізсіз 10 мыңнан астам талап анықталып, оның 9 мыңы жойылды. Қалғаны жақында алынып тасталады, - деді министр. Бұл заңбұзушылықтар мен негізсіз тексерудердің азаюына сеп болмақ. Сондай-ақ министр елімізде санкцияларға немесе жанама санкцияларға іліккен компаниялардың жоқ екенін атап өтіп, салық кодексі, аймақтарды дамыту, тарифтер мен бюджеттік түсімдерге қатысты ақпараттармен бөлісті.
Досжан Маратұлы