Шығыс Қазақстан облысында ірілі-ұсақты 131 гидротехникалық нысан бар. Алайда олардың тең жартысы ескі. Салынғанына аз дегенде 40-50 жыл болған су қоймалырының көбінің техникалық құжаты ескі. Кейбірі мүлде иесіз қалғандықтан, құжат та жоқ. Ал осы салаға жауапты инспекция тек тіркеуге ғана алады. Қараусыз нысандардың техникалық жағдайы туралы да нақты мәлімет жоқ. Тарбағатай ауданынндағы - Қандысу, Зайсан ауданындағы - Үйдене су қоймалары талай жылдан бері апатты жағдайда тұр. Алайда бұл стратегиялық нысандарды жөндеу туралы қанша айтылса да, еш нәтиже жоқ. Сондықтан өңірдегі гидро-нысандарға қатысты мәселені сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өз бақылауына алды.
Олжас Керейхан