АҚШ-тың Колорадо штатының Жоғарғы соты Дональд Трамптың келесі жылғы президенттік сайлауға қатысуына тыйым салды. Бұл шешім Трамп жақтастары 2021 жылы қаңтардың 6 күні Капитолийге басып кіргені үшін қабылданып отыр. Айта кетсек, трампшылдар сол шабуылды демократ Джо Байденді жеңіске жеткізген сайлау қорытындысымен келіспегендіктен жасағаны белгілі. Трамптың қарсыластары экс-президентті енді федералдық деңгейде сайлаудан аластатудан үмітті. Бірақ бұл мақсатқа жету қиынға соғуы мүмкін, - дейді сарапшылар. Себебі тоғыз адамнан тұратын АҚШ Жоғарғы соты мүшелерінің көбі консерваторлар, әрі олардың үшеуін кезінде Трамптың өзі тағайындаған екен.
Арыстан Рысбек