Өзбекстанның Қарауылбазар ауылында 300-ге тарта қазақ отбасы тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанның Қарауылбазар ауылында 300-ге тарта қазақ отбасы тұрады

20.12.2023

Өзбекстанның Бұқара облысында қазақтар көптеп шоғырланған. Бірнеше буын алмасып осы өңірге әбден бауыр басқан қандастарымыз жат елде жүрсе де қазақы қалпын сақтап қалған. Балалар өз тілінде білім алады, той жиын мен өзге шаралар тегіс қазақша өтеді.

Қарауылбазар ауылында 300-ге тарта қазақ отбасы тұрады. Күнделікті аралас құралас болып, сыйластығын сақтаған халық бір бірімен ағайын бауыр, тату көрші. Ата бабаларымыз Ақтөбе өңірінен келіп қоныстанған екен, содан бері алтыншы ұрпақ ауысты, кіндік қанымыз тамған жер өзімізге ыстық дейді олар

Серікбай Әбдірайымов, Қарауылбазар ауылының тұрғыны:

Шалғай елде жасасақ та дәстүріміз қашқан жоқ қазақылықтың қаймағы бұзылған жоқ. Медресе ең атақты осы бұқарада көп жерлерден кеп оқып жатыр үлкен әулие Қанарбай ата, Тұрмағамбет Ізтілеуов Бектұр деген атақты адамдар, соның бәрі Бұқараның медресесін бітірген кезінде.

Өзбекстанға қыдырып келген саяхатшылар алдымен атбасын бұратын өлке, зиярат туризмінің орталығына айналған Бұқара аймағында қазақ мәдени орталығы бар. Оның жұмысы ешқашан тоқтаған емес, әрқашан жергілікті қазақтардың қуана бас қосатын ордасы

Қазына Қалбаева, Бұқара облысы қазақ мәдени орталығының өкілі:

Осы кезге дейін ұмытылмай ата бабамыздан келе жатқан салт дәстүрімізді келешек ұрпаққа үйретіп келеміз. Мақсатымыз өзбекстанда жасап жатсақ да өзімізің қазақи ғұрып әдет дәстүріміздің өшіп кетпеуі.

Бұқара мен Науайы, Тамды мен Газли өлкесі қазақтардың көптеп шоғырланған мекені. Қазақ мектептері мен өзге де мәдениет нысандары баршылық. Өз еліміздегідей еркін жүреміз, бауырлас мемлекеттегі жоғары билік тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлыққа ризамыз дейді мұндағы ағайын.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу