Қызылордада теміржол үстінен көпір салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада теміржол үстінен көпір салынды

20.12.2023

Қызылорда қаласында теміржол аумағынан аспалы көпір салынып, ел игілігіне берілді. Екі мөлтек ауданды бөліп тұрған шойынжолдың бұл тұсы тұрғындарға қауіп төндіріп келген. Бұған дейін теміржолды қиып өтпек болған талай адамның өмірі қиылды. Жергілікті жұрт әсересе, балалар үшін қатты алаңдайтын. Енді тілегі орындалып, қауіп сейілді. Өткелге мүгедектігі бар адамдарға да арнайы көтергіш қондырғысы орнатылған.

Жүзбай Таңырақбаев, қала тұрғыны:

Осы қала тұрғыны ретінде мен көптеген қиыншылықтарды көрдім. Жас балдар өтеді, жұмысшылар өтеді. Күндіз-түні өтеді. Барлық жағдайда мұның қауіпсіздігін осы уақытқа дейін шешілмей келген. Мінкей, бүгінгі күні осы аспалы көпірді ашып жатқанына қуаныштымыз.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу