32 жыл бұрын қазақ кәсіпкерлері ЭКСПО көрмесіне қатысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

32 жыл бұрын қазақ кәсіпкерлері ЭКСПО көрмесіне қатысқан

20.12.2023

32 жыл бұрынғы елеулі оқиға. Қазақстанның тәуелсіздігі жариялауына 7 күн қалғанда еліміздің кәсіпкерлері алғаш рет халықаралық ЭКСПО көрмесіне қатысқан. Сол жылдары Қазақстанды шетелге танытудың қай қадамы болсын маңызды болды. Соның бірі Лондонда өткен көрмеде отандық кәсіпкерлердің ұсынған тауарлары жайлы айтылған «Скай ньюс» хабары еді, деп еске алады делегацияны бастап барған сыртқы экономикалық комитеттің сол кездегі төраға орынбасары Сәкен Спаханұлы. Көрмеге ыдыс-аяқ пен кілемнен бастап киім-кешектің түр-түрі қойылған. Басымдық жеңілөнеркәсіп саласына беріліпті. Сол уақыттан бастап кәсіпкерлер арасында келісім-шарттар жасалған.

Сәкен Сейдуалиев, Қазақстанның бұрынғы сыртқы экономикалық комитетінің төраға орынбасары:

Әрқайсысы сол жерде қолдан келгенінше сататын сатты, сатпайтынын келісім жасап, келешекте әр қызыққан заттарға келісім шарт құрды. Оған өте қуандым. Ол қанша дегенмен оңайлықпен келмейтін нәрсе ғой. Бұның барлығы біздің алғашқы қадамымызға септігін тигізді. Дүниежүзіне тараған кезде өзім қуанып қалдым. Өйткені шетелдегі қазақтар көреді ғой. Олар қай жерде болсын өзінің қазақтығын ұмытпайды.

Әйгерім Ердәулетқызы


Хабарламаларға жазылу