Түркияда оқитын қазақ студенттері арасында футбол турнирі өтті. Тәуелсіздік күніне орайластырылған шараға 16 команда қатысты. Сайысты тамашалап, жастарды қолдауға Ыстамбұлдың «Бешикташ» футбол клубында ойнайтын жерлесіміз Бахтияр Зайнуддинов та барды. Турнирде кубокты Бартын қаласынан келген команда ұтып алды. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Стамбұл және Анталия қалаларындағы консулдықтары ұйымдастырған шараға 500-ден астам студент атсалысты.
Нуриддин Аманқұл, Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулы:
Бұл турнирдің ерекшелігі бүған барлық қазақстандық студенттер қатыса алады. 8 түрлі қалада іріктеу мачтары өткізілді. Оған 58 команда қатысты сол 58 команданың ішіне н 16 команда бүгін Ыстамбулға келіп ақтық мәреде ойнап жатыр. Бұл шараның мақсаты қазақстандық студенттермен әрдайым байланыста болуы оларды ортақ мүдделер шеңберінде жұмылдыру болып табылады.
Нұрасыл Балташ, Ыстамбұлда оқитын қазақстандық студенттердің басшысы:
Қазақстанда болатын әр мерекені біз осы Туркия елінде тойлаймыз. Әр апта қазақ студенттерімен кездесіп, блетінімізбен бөлісіп жиналып отырамыз. Бүгінгі ойын өте тартысты болып жатыр. Үлкен алғыс. Тәуелсіздік күнін осылай атап өтіп жатқанымызға мың алғыс.
Айдос Әшім