Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың 12-ші пакетін бекітті. Келер жылдың қаңтарынан бастап ЕуроОдақ елдеріне Ресейден алмаз сатып алуға тыйым салынады. Табиғи, синтетикалық алмаздан бөлек, үшінші мемлекеттерде өңделген ресейлік гауһар тастарды да импорттауға болмайды. Сондай-ақ, болат өндірісіне қажетті шикізат, алюминий мен металдан жасалған бұйымдар тасымалданбайды. ЕуроОдақтың санкциялық қара тізіміне бұл жолы Ресейдің 29 әскери-өндірістік кешені енгізілді.
Нұрсұлу Қасым