Білім беру саласындағы жыл қорытындысы шықты. Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектептің мәселесі шешілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына - 151,9 млрд теңге түсті. 1,6 млн оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Мұғалімдердің жалақасы - 25%-ға, тәрбиешілердің жалақасы - 30%-ға артты. Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы - 20%-ға, магистранттар мен докторанттар үшін - 15%-ға, колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өсті.
Аида Ахметбек