ШҚО-да өзендердің арнасынан асу себебі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да өзендердің арнасынан асу себебі анықталды

19.12.2023

Шығыс Қазақстан облысындағы өзендер неліктен арнасынан асып жатқаны анықталды. «Қазгидромет» орталығының мамандары, аймақта күзде жауын-шашын өте көп балғанын айтады. Соған сәйкес жаз бойы тартылып қалған бастау мен бұлақтардың көзі қайта ашылып, сай-саладан аққан су өзендердің деңгейін көтерген. Қарашының соңында жаңбырдың соңы қарға ұласып, су көздері қата бастайды. Ал желтоқсанның екінші аптасында бірден қатты аяз түскенде ағысы баяу өзендер қатып қалған. Салдарынан қызыл су жағаға жайылып, Риддер қаласы мен Қатонқарағай ауданындағы жеке үйлерге және аулаға су кірді. Коммуналдық мекемелер бірден техника жұмылдырып, өзен арнасын қар мен мұздан дер кезінде тазалады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу