Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдан кейін 5 пойыздың қызметі тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдан кейін 5 пойыздың қызметі тоқтатылды

15.12.2023

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдан кейін 5 пойыздың қызметі тоқтатылды. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы өзгертілген кестені жариялады.

Сонымен "Нұр-Сұлтан 1-Алматы 2" бағыты бір күн кейінге шегерілді. "Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1" пойызы 1 күнге, ертең Атырау станциясынан және 18 желтоқсанда кері бағытта Алматы станциясынан жөнелетін пойыз да 1 күнге кешігіп шығады. 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан және 16 желтоқсанда Астанадан шығатын кері бағыт бір күнге шегерілді. Ал Жезқазғаннан 16 желтоқсанда шығып, Алматыдан кері қайтататын пойыз да 1 күнге кеш шығады. Осы бағыттарды жоспарлаған жолаушыларға билет құны толық қайтарылады. Ал пойыз жүрісінің кестесін қалпына келтіру кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар «1433» нөміріне хабарласып немесе экранда көрсетілген бот телеграм парақшасына жазуына болады.


Хабарламаларға жазылу