Жабылған күре жолдарда көлік қозғалысы біртіндеп реттеліп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жабылған күре жолдарда көлік қозғалысы біртіндеп реттеліп келеді

15.12.2023

Ақтүтек боранның салдарынан жабылған күре жолдарда көлік қозғалысы біртіндеп реттеліп келеді. Қазір Маңғыстау, Жетісу облысындағы автобандар ашылды. Қалың қардың құрсауында қалған Жамбыл өңірінде , жағдай әлі де күрделі. 1000-нан астам көлік кептелісте тұр. Тұрғындар жылыту пункттеріне орналастырылып жатыр. Жол аршу жұмысына жұмылдырылған арнайы бригада күшейтілген режимге көшті. Айналасы екі күннің ішінде автожолдарда құтқарылған мыңдаған адамның 300-ге жуығы бала. Эвакуация жұмыстарына қарулы күштердің әскери қызметшілері де атсалысып жатыр. Жолдарда 750-ден астам полицей кезекшілік етуде.

Сәтжан Аблалиев, ҚР Көлік министрінің орынбасары:

Түркістан облысының шекарасынан Таразға дейінгі жол толықтай тазаланып бітті. Бірақ, ол жерде қозғалысты әзір аша алмаймыз. Неге десеңіз, олардың түркістанға шығатын жолы толық ашық емес.Және тараздан, аспарадан, отарға дейінгі жолдар бүгін толығымен жабық. 


Хабарламаларға жазылу