«Аяз аға» отбасылық комедиясы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аяз аға» отбасылық комедиясы жарыққа шықты

15.12.2023

«Аяз аға». Бұл отандық «Tiger Films» продюсерлік компаниясы ұсынған жаңа отбасылық комедияның атауы. Астанада туындының тұсаукесері өтіп, фильм желтоқсанның 14-інен еліміздің барлық кинотеатрларында прокатқа шықты. Жаңа жыл мерекесіне арналған жаңа кино туралы тілшіміз тарқатады.

«Tiger Films» продюсерлік компаниясы еліміздегі тұңғыш жаңа жылдық ертегінің тұсауын кесті. «Аяз аға» - нағыз отбасылық көркем комедия. Көңілді және мейірімді ертегі – жасты да кәріні де ғажайыпқа қайта сенуге шақырып, жаңа жыл мерекесін құтқару үшін зұлымдықпен күресуге тура келетін кейіпкерлер туралы баяндалады:

Рамазан Амантай, актер:

Фильм – қазақтың Аяз атасы туралы. Мысалы Америкалықтардың, еуропа халықтарының Санта Клаусы, славьян халықтарының дед морозы болса, қазақтың Аяз атасы бар деген ұранды алға тартып түсірілген фильм. Ақша қары бар қасында. Сондай бір астарында патриоттықты ту ғып көтеретін фильм.

 Отбасылық комедиядан көрермен көпшілікке жақсы таныс әртістерді көре алады. Атап айтсақ Бақтияр Қожа, Баян Алагөзова, Рүстем Жанаманов, Әсел Сағатова, Медет Аманбаев, Рамазан Амантай секілді кино саңлақтары бар. Баян Алагөзова – Жалмауыз кемпір бейнесін сомдаса, Рамазан Амантай ғажайып кейіпкер – Эльфтың образына еніп, Бақтияр Қожа – нағыз «Аяз ағаға» айналады:

Бақтияр Қожа, актер:

Ішінде комедия бар, махаббат та бар, сезім де бар. Бірақ та Аяз атаның өзінің бір фишкасы – аяз ата дей береді де, сосын мен жыным келеді де, әй мен Аяз ата емеспін. Мені Аяз аға деңдерші, маған бүгін 500 ғана жыл толып тұр дейді. Ар жағында демек өмір бар.

Жаңа туындының режиссері белгілі киногер – Дархан Сәркенов. «Аяз аға» - «Tiger Films» продюсерлік компаниясының 22 ші туындысы. Компанияның алдағы жоспары үлкен. Келесі жылы он жаңа фильмді көрерменге ұсынуды жоспарлап отыр. 

Хабарламаларға жазылу