Қазақстан мен Франция мәдени саладағы ынтымақтастықты нығайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Франция мәдени саладағы ынтымақтастықты нығайтады

15.12.2023

Қазақстан мен Франция бірлесіп, мәдениет саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асырады. Бұл туралы қос елдің салалық ведомство басшыларының Парижде өткен кездесуінде мәлім болды. Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Аида Балаева Рима Абдул-Малакқа қазақ әдебиетінің антологиясын француз тіліне аудару, француз балалар арнасының контентін жас қазақстандықтарға көрсету идеясын айтты. Кино, өнер саласында да бірқатар жобаларды жолға қою ұсынылды. Францияның Мәдениет министрі Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Рима Абдул-Малак, Францияның мәдениет министрі:

Иә, келер жылы Бельфор театрлары қазақстандық әртістерді көптеп тартатын болады. Ал қазір Гиме мұражайында өтетін көрмеге дайындалып жатырмыз. Біздің тараптан қазақ мәдениетін ілгерілетуге деген қызығушылық жоғары. Париж тұрғындары мен қонақтары ғана емес, барша француз халқы қазақ мәдениетімен жақынырақ танысса екен деймін.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу