Ақтөбелік шаруалардың 300 миллион теңгеге алған суару қондырғылары 2 жылдан бері шаң басып тұр. Алайда, олар милиондап несиесін төлеп отыр. Айтуларынша, қондырғыны орнатып беруі тиіс мекемелер өз міндеттемелерін орындауға асығар емес. Мал өсірумен айналысатын фермерлердің де айтары бар.
Батырбек Салықұлының мемлекеттен субсидия алып, ісімді дамытамын деген үміті ақталар емес. Ол мал азығына берілетін субсидияның өзі көбіне ірі қожалықтарға беріледі, біз далада қаламыз дейді. Жеңілдетілген тәртіппен төлеймін деп алған 150 млн теңге несиесі де шаруаны қыспаққа алып отыр.
Суармалы егіспен айналысамын деген шаруалардың да ісі шатқаяқтап тұр. Мәселен, Мәртөк ауданындағы кәсіпкерлердің бірі құны 300 миллион теңгелік қондырғы алған. Алайда, ол іске қосылмады. Тек Мәртөк, Қобда, Қарғалы аудандарының өзінде осындай оннан аса шаруа шығынға батқан.
Нұртай Ноғаев, қожалық иесі:
Қазводхоз бағдарламасы бойынша алынған. Әлі күнге шейін жұмыс істемей жатыр.себебі, мотор стансасы құрылғалы, кезіндегі жасалған проектілердің бәрі шикі. Қазіргі бастықтары өзгеріп кете береді .Бірінің бастағанын бірі мойындамай,қазір сонда йпроблема болып тұр. Бұрынғы тұрған орнын су шайып кетті.Оны жоғарыға қарай көтеру үшін тағы программа керек дейді.
Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл мал азығына бөлінген субсидия көлемі аз. Ол шаруаларға теңдей бөлінеді.
Панабек Бимұратов, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Өз доводымызды айттық оларға.Олай болмайды. Бүкіл облыстық шаруашылығын, біреуін кемсітіп,біреуін алалау жоқ. 22 жылы 8 млрд, 380 млн бөлінсе мал азығына, биыл 2 млрд 900 ғана бөлінді.
Шаруалар қордаланған мәселелерін айтып, министрлікке хат дайындап қойған. Олар салаға бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану үшін Ауыл шаруашылығы банкін құру қажет деген ұсыныс айтып отыр.
Жақсыбек Кемал