Қазақстан тәуелсіздігіне - 32 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан тәуелсіздігіне - 32 жыл

15.12.2023

Биыл егемен ел атанғанымызға 32 жыл толады. Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда «Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған еді. Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты. Тәуелсіздік жылдарында елеулі жетістіктерге қол жетті, күрделі сын-қатерлерде аз болмады.

1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Шекараларын айқындап, жаңа астанасын салды. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты.

Конституциялық түзетулер енгізу үшін былтыр жалпыұлттық референдум жүргізілді. Халықтың басым бөлігі Конституцияның 33-бабына 56 өзгеріс енгізуді қолдады. Халық санағында алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылды. Бүгінде халық саны 20 миллионға жетті. 

Торғын Оспанбаева

Хабарламаларға жазылу