Шымкентте 23 мыңнан астам азамат автокөлік салығын төлемей, жалтарып жүр. Яғни, қала қазынасы 1 миллиард 200 миллион теңгеден астам кірістен қағылып отыр. Қордаланған қарыздарды өндіру мақсатында шаһарда арнайы рейдтік тексерістер басталды. Мамандар 176 миллион теңгеге жуық қарызы бар Lexus көлігін автотұраққа қамады. Салықтан жалтарып жүргендердің дені бағалы автокөлік мінген азаматтар. Ескертуге құлақ аспағандардың ісі сот орындаушыларына жіберілді. Жалпы қала бойынша салық департаментінде 300 мыңға тарта автокөлік тіркелген.
Абасхан Сейдахметов, қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:
Салық төлеуші орындамаған кезде салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына өндіруге жолданады. Әрі қарай сот орындаушыларының есепшоты бұғатталып, меншігіндегі мүліктеріне шектеу қойылады.
Ғани Қалмаханов