Ақтауда көктайғақ салдарынан жарақат алғандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда көктайғақ салдарынан жарақат алғандар көбейді

15.12.2023

Ақтауда көктайғақтың салдарынан жарақат алғандар көбейді. Облыстық аурухананың қабылдау бөліміне соңғы 3 тәулікте 120-дан астам адам келіп түскен. Соның 12-сіне шұғыл операция жасалды. Қазір науқастар нейрохирургия және травматология бөлімшелерінде ем қабылдап жатыр. Олардың арасында қол-аяғы сынған балаларда бар.

Бердібек Қаныхан, облыстық аурухананың травматолог-дәрігері:

Келген науқастардың 60 пайыздан көбі әйелдер десек те болады. Оның ішінде 40 жастан асқандар. Білезік, қолының жарақаты, тобықтың жарақаты, сондай-ақ тізе-буын жарақатымен келіп жатыр. Науқастарға айтарымыз, қар жауғанда жарақат алған кезде бірден ауруханаға келіп, алғашқы көмек алуға тырысу керек. Өйткені көбі сынықшыға барып, жүріп қалады. Уақыт өткізбей тез қаралуы сұралады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу