Түрік мәдени орталығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сурет көрмесін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік мәдени орталығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сурет көрмесін өткізеді

26.05.2016
Түрік мәдени орталығы  Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай сурет көрмесін өткізеді
Түрік мәдени орталығы  Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай сурет көрмесін өткізеді

Юнус Еміре атындағы түрік мәдени орталығы 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сурет көрмесін ұйымдастырады.

Юнус Емре атындағы түрік мәдени орталығы Түркия елшілігі мен ТІКА ұйымының қолдауымен ұйымдастырған көрмеге балалардың қолымен салынған суреттер қойылады. «Түркия-Қазақстан» деп аталатын көрменің ашылуы 28 мамырда Астанадағы «Хан Шатыр» кешенінде өтпекші. Шара барысында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылмақ.

Бұл орталықтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап ұйымдастырған алғашқы шарасы емес. Өткен сәуір айында Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Түркия-Қазақстан: 23 сәуір Балалар күні» деген атпен де сурет байқауы өткен болатын. Онда 7-10 жастағы және 11-14 жастағы 12 астаналық балаға арнайы жүлде табыс етілген еді. Ал, 28 мамырда ашылатын көрмеге 40 картина қойылмақ. Картиналар Қазақстан мен Түркияның достық қарым-қатынастарына арналып отыр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу