55 жасқа толған кеншілер мемлекеттен арнаулы төлем алады. Бүгін Сенат заң жобасын мақұлдап, Президенттің қол қоюуына жіберді. Төлем алу үшін зиянды жұмыста кемі 7 жыл істеу керек. Қаржылай көмек жұмыстан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан жағдайда 63 жасқа дейін төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңгеден асады. Қазіргі есеп бойынша келер жылдан бастап шамамен 40 мың қазақстандық мемлекеттік қолдауға ие болады.
Назгүл Сағындықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
Ай сайынғы төлем 4 жақтан жинақталады. Республикалық бюджеттен әр адамға 2 ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең қаржы бөлінеді. Жұмыс беруші мен өмірді сақтандырған компания бір бір күнкөріс деңгейіне тең мөлшерде төлейді. Төртіншісі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Нәтижесінде зиянды жұмыста істегендер ай сайын 208 мың теңге алып тұрады.