Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін 600 млрд доллардан астам қаржы қажет деді. Сондықтан «жасыл» технологияларға инвестиция тарту бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында осы салаға қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық база құрылғаны мәлім болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Жаңа Экологиялық кодекс қабылданып, тиісті жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді. Премьер-Министр агенттік төрағасына қаржыландыруға қатысты ақпаратты міндетті түрде жария етіп отыруды жүктеді.
Тәуірбек Бозекен