55 жасқа толған кеншілер мемлекеттен арнаулы төлем алады. Бүгін Сенат заң жобасын мақұлдап, Президенттің қол қоюуына жіберді. Төлем алу үшін зиянды жұмыста кемі 7 жыл істеу керек. Қаржылай көмек жұмыстан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан жағдайда 63 жасқа дейін төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңгеден асады. Қазіргі есеп бойынша келер жылдан бастап шамамен 40 мың қазақстандық мемлекеттік қолдауға ие болады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Осылайша Президентіміздің бастамасымен көптен бері елдің көкейінде жүрген мәселелердің бірі өз шешімін тауып отыр. Бұдан бөлек жасатайым жағдайлардан сақтандыруды реттейтін нормалар да қамтылды.
Оңғар Алпысбай