Ресейде жұмыртқа импорты салықтан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жұмыртқа импорты салықтан босатылды

14.12.2023

Ресейде жұмыртқа импортына 2024 жылдың алғашқы алты айында баж салығы салынбайды. Мұны осы елдің экономика министрлігі хабарлады. Көршілес елде жұмыртқаның құны биыл 40 пайызға қымбаттаған. Тіпті соңғы аптада Мәскеудің кейбір супермаркеттерінде оны табу қиындаған. Дегенмен, жұмыртқа интернетте еркін саудаланып жатыр. Экономика министрлігінің мәлімдеуінше, бағаның шарықтап кетуіне жол бермеу үшін салықтан босату шаралары қабылданып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу