Астанада Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Қазақстан-ЕуроОдақ» диалог платформасының 13-ші отырысы өтті. Оған министрлер, дипломатиялық корпус пен бизнес өкілдері қатысты. Шарада республиканың салық және кеден жүйелерін жетілдіру, фармацевтика өнеркәсібін, геологиялық барлау мен аграрлық индустрияны дамыту мәселелері талқыланды. Премьер-министрдің айтуынша, Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Инвестициялардың жалпы көлемі 175 млрд доллардан асады. Соңғы жарты жылдың өзінде ел экономикасына 5 млрд доллардан астам инвестиция құйды.
Досжан Маратұлы