Ақмола облысында еңбек қатынасында 72 заңбұзушылық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында еңбек қатынасында 72 заңбұзушылық анықталды

14.12.2023

Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдардың жеке табыс салығынан заңсыз ақша ұсталып келген. Мұны прокурорлар тексеріс барысында анықтады. Сондай-ақ, оларға қосымша еңбек демалысы берілмеген. Заң бойынша жұмыс уақыты да қысқартылмаған. Қазіргі таңда мұндай әрекетке барған 60 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, биыл өңірде еңбек заңдылықтарын бұзудың 72 дерегі анықталды. Прокурорлардың мәліметінше, жүргізілген тексеріс барысында кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысшылар құқығын қорғауға немқұрайлы қарайтыны белгілі болды. Нәтижесінде, осындай кемшілік жіберген 200-ден астам адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Меруерт Байболова, Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

Мүгедектігі бар 103 адамға негізсіз ұсталған салықтарды және нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баждарды қайтару, мүмкіндігі шектеулі 56 адамға қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, бұл салада жиі кездесетін мәселелер жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек шартын жасамауы болып табылады.


Ұмсандық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу