Ақтауда құрамында азот бар бірегей тыңайтқыш өндіретін кешен салынады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Tecnicas Reunidas компаниясының төрағасы Хуан Лиадо осындай инвестициялық келісімге келді. Әрі химия және мұнай-газ химиясы салаларында өзге де жобаларды іске асыру жайы талқыланды. Бұдан бөлек премьер-министр Испания Қазақстанның Еуропалық одақтағы негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 42%-ға өскен. 2005 жылдан бастап Испанияның компаниялары Қазақстанға шамамен 300 млн доллар инвестиция құйды.
Аягөз Оралбайқызы