Павлодар қаласынан Астанаға шығатын ескі көпір «қарс айрылуы» мүмкін деген әлеуметтік желідегі ақпарат жұртшылықты біраз дүрліктірді.
Бұл бейнекадрларды жол сапасына жауапты мекеме қызметкерлері түсірген. Онда көпірдің темір жақтаулары жігінен ажырап, бұрынғы қалыбынан тайғаны анық көрінеді. Бірақ өткелдің табаны мен тіреуі, негізгі тұтас қалыбында ақау жоқ , дейді мамандар.
Алексей Логвиненко, «Қазавтожол» ҰК АҚ Павлодар филиалы басшысының орынбасары:
Нысанды тексеруге қауіпсіздік мақсатында орнатылған қапталдағы жақтауындағы жарықшақтың пайда болуы себеп болды. Деформация деген болады. Және қатты суықтың да әсері болған. Бұдан көліктердің қозғалысына ешқандай қауіп жоқ.
Бұл көпір 1962 жылы салынған. Осыдан 5 жыл бұрын ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды. Ал, келер жылы жаңа көпір құрылысы басталады. Жоба дайын, тіпті, конкурс өткізіліп бас мердігер анықталды.
Болат Аманбаев