Теміртауда магистральдық су құбыры қатып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда магистральдық су құбыры қатып қалды

13.12.2023

Сарышұнақ аяз салдарынан Теміртаудың Шығыс бөлігіндегі 6 квартал ауыз судан қағылды. Кеше кешкілік магистральдық желінің 300 милиметрлік құбыры қатып қалған. Салдарынан 50-ге тарта көпқабатты үй мен 2 аурухана, емхана және 2 мектепте тіршілік нәрі болмай қалған. Құбырды қыздыру жұмыстары/ кеше түнімен және бүгін де жалғасты. Ақауды анықтап, оны жөндеуге 8 бригада мен 11 техника жұмылдырылған. Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір, жұмыс аяқталып қалған. Қаланың бұл аумағына су төменгі гидравликамен берілуде. Кейбір жоғарғы қабаттарға қысымның болмауынан, су көтерілмеу жағдайлары әлі де бар.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу