Теміртауда магистральдық су құбыры қатып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда магистральдық су құбыры қатып қалды

13.12.2023

Теміртауда жалпы қатқан құбырдың ұзындығы 20 метр. Диаметрі 300 милиметрллік магистральдық желі біртіндеп жібітіліп жатыр. Ақау толық жөнделгенше қалның Шығыс бөлігіндегі 6 кварталға су төменгі гидравликамен берілуде. Кейбір жоғарғы қабаттарға қысымның болмауынан су көтерілмеу жағдайларыбар. Жауапты коммуналдық мекеме ақау шыққан құбырды анықталып, қазір оны жібіту жалғасуда. Бұл жұмыстарға 8 бриада мен арнайы техникалар жұмылдырылған. Қарқаралыда да көше бойындағы колонкалар қатып,жедел әрекет етудің арқасында мұз қатқан құбырларды жібітіп алған.

Ораз Тәуірбеков, Теміртау қаласының әкімі:

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Мечурина көшесінде орналасқан 300 мм ауыз су құбырының бір бөлігі қатып қалғанына байланысты біз кейбір ұтынушылар үшін резервтік схемасын жасап, төменгі гидравликалық қысыммен жағдайды қалпына келтірдік. Қазі ақауды анықтап, оны жөндеуге 8 бригада мен 11 техника жұмыс істеуде.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу