Шығыс Қазақстан облысында көлік өрті азаймай тұр. Соңғы бір аптада онға жуық автокөлік ортқа оранды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары аязда көлікті от алдыру үшін жүргізушілер түрлі қыздыру құралдарын пайдаланады. Алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан оның соңы кейде қайғылы жағдайға әкеп соғады дейді. Тек өткен тәулікте Өскеменде 2 көлік өртеніп кетті. Екі жағдай да көліктің иелері отты құралды пайдаланған. Өңірде тек көлік емес жеке үйлердің де өртенуі жиіледі. Өткен түні Алтай ауданында екі, ал Шемонайхада бір үй өртенген. Абырой болғанда адамдар дін аман.
Олжас Керейхан