Елордада «Ұлы дала» байқауының жеңімпаздары анықталды. Тәуелсіздік күні қарсаңында «AMANAT» партиясы ұйымдастырған республикалық шығармашылық байқау / биыл Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, педагог Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналды. Конкурс осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Бұл жолы байқауға бас-аяғы 300-ден астам шығарма келіп түскен. Оның 170-і ақтық кезеңге жолдама алды. Сөйтіп, «Поэзия», «Проза», «Балаларға арналған шығарма», «Драматургия», «Әдеби сын» секілді 5 номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, «Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы» және «Алаш аманаты» арнайы сыйлықтары табысталды. Шараға мәжіліс төрағасы да қатысып, кітап оқудың маңызына тоқталды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Amanat» партиясының төрағасы:
Бұрын қоғамды кітап тәрбиелесе, қазір интернет пен көше тәрбиелеп жатыр. Мұның жолы жас ұрпақты отаншылдыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Ал ол құндылықтардың бәрі кітапта, әдебиетте. Бұл туралы мемлекет басшысы да талмай айтып келе жатыр.
Досжан Маратұлы