Аргентинаның ұлттық валютасы песо құнсызданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинаның ұлттық валютасы песо құнсызданады

13.12.2023

Аргентинаның ұлттық валютасы песо долларға қарағанда 50 пайызға құнсызданбақ. Мұндай шешімді ел билігі қабылдады. Бұған қоса, энергетикалық субсидиялар, министрліктер саны қысқартылады. Мұндай қатаң шаралар экономиканы дағдарыстан шығаруға бағытталған. Үкімет өкілдерінің айтуынша, жоспар қысқа мерзімде оңайға соқпауы мүмкін. Алайда бұл қадам бюджет тапшылығын қысқартуға, инфляцияны төмендетуге аса қажет. 2019 жылдан бері Аргентина валютасы жасанды түрде күшейтіліп келген еді.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу