Теміртауда магистральдық су құбыры қатып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда магистральдық су құбыры қатып қалды

13.12.2023

Теміртауда диаметрі 300 милиметрллік магистральдық су құбыры қатып қалды. Салдарынан қаланың шығыс бөлігіндегі 6 квартал тұрғындарының үйіне су төменгі гидравликамен берілуде. Кейбір жоғарғы қабаттарға қысымның болмауынан су көтерілмеу жағдайлары болған. Жауапты коммуналдық мекеме ақау шыққан құбырды анықтап, қазір оны жібіт жатыр. Бұл жұмыстарға 8 бриада мен 10 техника жұмылдырылған. Қарқаралыда да көше бойындағы колонкалар қатып,жедел әрекет етудің арқасында мұз қатқан құбырларды жібітіп алған.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу