Қостанай өңірінде болған жарылыстың алдын ала себебі айтылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының пайымынша, апатқа газбаллон құрылғысын қолдану ережесі сақталмағаны себеп болуы мүмкін. Оқиға ізімен сот алды тергеу басталды. Ал оқиғадан зардап шеккен бір адамға операция жасалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған үш адамның жағдайы бірқалыпты.
Айта кетейік, кеше Амангелді шағын ауданындағы жеке кәсіпорындардың бірінің аумағында жарылыс болып, үш адам қаза тапты.
Дәуренбек Әбдібек