Дональд Туск үкіметті қайта басқаратын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Туск үкіметті қайта басқаратын болды

12.12.2023

Польша үкіметін еуропашыл саясаткер Дональд Туск қайтадан басқаратын болды. Ал Матеуш Моравецкийдің ұлтшылдар партиясы сегіз жыл билік еткеннен кейін парламент қолдауынан айрылып, отставкаға кетіп жатыр. Польшада парламент сайлауы қазанның 15-де өтті. Оның нәтижесінде Тусктің «Азаматтық колациясы» екінші орын иеленгенімен, кейінірек 3-ші және 4-ші санаттан көрінген партиялармен одақтасып, парламентте басым күшке айналып отыр. Соңғы дауыс беру процедурасында Тусктің премьерлікке кандидатурасын 248 депутат қолдаса, 201 қарсы дауыс берген.

Айта кетсек, 66 жастағы Дональд Туск бұған дейін Еуропа кеңесін де басқарып, іс жүзінде осы одақтың президенті болған еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу