Өткен демалыс күндері еліміздің бірнеше аймағында аяздың көтерілуінен автокөліктерде де ақау жиілеген. Мысалға, Қарағанды облысында екі күнде 6 көлік өртенгені анықталған. Оқыс оқиғалар Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында болды. Өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Жыл басынан бері облыста 144 автомобиль өртеніп, 1 адам жарақат алған. Өрт сөндірушілер жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, көліктердің техникалық жарамдылығына мән беруге шақырады.
Елдос Кеңесов, облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері:
Аяз басталғалы бері бізде 6 көлік өртену оқиғасы тіркелді. Бұл көліктердің жану себептері қыс мезгіліне байланысты көліктердің электроникасы дұрыс емес болып, үйден автозаводканы қосқаннан және отты ашық күйде қолданғаннан, яғни жылытамыз деп.
Руслан Нұрланұлы