Есірткі зертханасын ұйымдастырғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі зертханасын ұйымдастырғандар ұсталды

11.12.2023

Есірткі зертханаларын ұйымдастырушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын заңға енгізу ұсынылды. Бүгін Үкімет сағатында Ішкі істер министрі осындай мәлімдеме жасады. Қазір ең ұзақ мерзім - он бес жылға дейін екен. Яғни, бұл жаза жеңіл болып отыр.

Мәселен, Алматы облысындағы Қарасай ауданында синтетикалық есірткі дайындайтын жасырын зертхана анықталды. Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған ірі операция кезінде саяжайда есірткі зертханасын ұйымдастырған екі ер адамды тұтқындады. Күдіктінің бірі – шетел азаматы. Тінту кезінде 130 келі прекурсор, зертханалық жабдықтары мен 12 келі дайын мефедрон психотроптық заты тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Министрлік өкілінің айтуынша, алдын ала сөз байласу арқылы жасалған аса ауыр қылмыс үшін айыпталушының мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу