Астанада жыл соңына дейін 25 ірі жоба іске асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жыл соңына дейін 25 ірі жоба іске асады

08.12.2023

Биыл Астанаға 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін жалпы құны 87 млрд 700 млн теңге болатын, 25 ірі жоба іске аспақ. Бүгін Президент қабылдауында болған Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деді.

Күзде «Оңтүстік-Шығыс», «Тұран» газ жылу станциялары мен үшінші жылу электр орталығының бірінші кезеңінің құрылысы аяқталған. Жеңіс Қасымбек қаладағы мектеп, аурухана, жеңілдікпен берілетін қолжетімді баспана салу, құрылысы кешеуілдеген нысандарды аяқтау және апатты үйлерді сүру туралы баяндады. Келесі жылы елордада 5 оқушылар сарайы мен мемлекеттік балабақшалардың құрылысы басталады. Кездесу соңында президент әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

Мемлекет басшысына қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы есеп бердім. Жалпы экономикалық жағдай тұрақты. Негізгі бағыттар бойынша өсім бар. Мысалы, негізгі капиталға инвестициялар 7 пайызға өсті. Сондай-ақ, өсім құрылыс саласында, басқа да салалар да бар. Және қысқа дайындалу, жылыту маусымына дайындалу туралы есеп берілді.


Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу